Жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру 6 ақпанда басталады. Өтінімдерді арнайы сайт арқылы қабылданады. 6 ақпанда Астана уақытымен сағат күндіз оннан бастап autonesie.kz ресми платформасы жұмыс істейді. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба, автокөлік өндірушілерімен алдын ала келісім қажет. Бұл бағдарламамен бұрын автонесие алған немесе платформада өзекті өтінімі бар азаматтар жобаға қатыса алмайды. Еске салайық, бастапқы жарна ноль, ал жылдық мөлшерлеме төрт процент. Несие көлемі 10 миллион теңгеден аспайды. Қарыз 7 жылға дейін беріледі. Алатын көліктің құны 15 миллион теңгеден көп болмауы керек.