Түркістан
EN

Түркістан әуежайынан халықаралық рейстер саны көбейді

95
02.02.2023

Түркістан әуежайында халықаралық рейстер саны артпақ. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Дубай, Тбилиси, Ташкент және Самарқандқа тікелей рейс ашуға үкіметке ұсыныс берілген. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындармен кездесу барысында айтты. Айта кетейік,былтыр Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбұл және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылған болатын. Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен өзге де мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал етпек.