«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде апаттық жағдай болуы мүмкін. Өйткені көрші елдерден шамадан тыс су келіп жатыр. Жергілікті билік жыл басынан бері осылай дабыл қағып жатыр. Ал бірер күн бұрын су ресурстары комитетінің басшылығы жағдай бақылауға алынған, судан келер қауіп жоқ деді.