Түркістан облысы Созақ ауданында жастайынан атқа мініп, көкпар тартып, бәйгеге қатысып жүрген келіншек тұрады. Өңірде айрықша өнерімен аты шыққан Алтешова Адолат алты баланың анасы атанса да, әлі күнге ат үстінен түспеген мықты көкпаршылар санатында. Шабандоз келіншек неліктен бұл күрделі әрі әйел затына тән емес кәсіппен айналысатынын тілшіміз Айдос Игіліковке айтып берді.