Қажылыққа жолдама сатып 50-ге жуық азаматты алдаған күдікті ұсталды. Бұған дейін хабарымызда қасиетті мекен Мекке мен Медина қаласына бармақ болған бір топ азамат алаяқтарға алданғанын айтып полиция басқармасына арыз түсіргенін көрсеткен едік. Олар Сауд Арабиясына бару үшін «Kausar travel» туристік агенттігінен 1 миллион теңгеге жолдама сатып алған. Алайда, 13-қаңтар күні шетелге ұшу керек болған азаматтар уәде етілген әуе билеті мен визаны қолына ала алмағанда алаяқтарға алданғанын түсінген. Жәбірленушілер Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 млн теңгені құрайды. Тәртіп сақшылары компания бастығын 5 күн іздепті. Қазіргі таңда күдікті қамауда. сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.