Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар облыстық меншіктегі барлық су нысандарында тәулік бойы кезекшілік орнатылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Барлық құзырлы органдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Апаттық жағдайлардың алдын алу шаралары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет салаға жауапты барлық басшылардың басын қосып, мәселені егжей – тегжейлі талқылады.