Бұл тың жобаны Шымкент қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Сейсембай жасап шығарған. Артық шығынды талап етпейтін темір тұлпарлар бүгінде сатылымда тұр. Кейіпкеріміз инженерлік сала бойынша шетелдерде білімін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарын жасаған. Ол жат елде қалмай білімін өзі туып өскен жерінде кәдеге жаратуда.