Қазығұрт ауданында «Банкроттық туралы заңды» халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында өткен дөңгелек үстелде аталған заңның талаптары мен салдары жан-жақты айтылды. Жиынға Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Қазығұрт аудандық соты, прокуратура және банк өкілдері қатысып,Заң аясында атқарылатын қызметтерді жан-жақты талқылады.