Түркияда президенттік сайлау 14-ші мамырда өтеді. Мұны президент Режеп Тайып Ердоған Бурса провинциясында жастармен кездесуі кезінде мәлімдеген еді. Бұған дейін саяси доданы маусымның 18-е өткізу жоспарланған еді. Алайда бұл мерзім жазғы демалыстармен, саяхаттау уақытымен тұспа-тұс келетіндіктен, қайта өзгертілді. Дәл қазір Түркиядағы тілшіміз Нұрдәулет Сыздықпен байланысқа шықпақпыз. Нұрдәулет қайырлы күн! Әлеуметтік сауалнамаларға, қарағанда, "бұл жолғы саяси дода бірнеше жыл бойы билік басында келе жатқан Ердоған үшін нағыз сынақ болмақ». Сарапшылардың болжамы қалай?