Қазақстандық үміткерлердің Түркияның жоғарғы оқу орындарына қабылдау емтиханы өтті. Осыған дейін барлық талапкерлер Қырғызстанға барып, сынақтан өтуге мәжбүр болған болса, биыл аталмыш шара елімізде алғаш рет Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында ұйымдастырылды. 450-ге жуық талапкер бақ сынаған емтихан жайлы тілші тарқатсын.