Түркістан
EN

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды

164
30.01.2023

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды. Биыл оңтүстіктегі таулы аудандарда қар қалың түсіп, аяз ұзақ сақталды. Соның салдарынан жерге тоң ерте түсті. Егер күн күрт жылынып, толассыз жаңбыр жауған жағдайда қауіпті болуы мүмкін», - дейді мамандар. Сондықтан Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік бірлесіп, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қауіптің алдын алу мақсатында өңірдегі өзен-көлдер мен каналдардың табанын тереңдетіп, жағасын бекітуге кірісті. Себебі облыс аумағында 41 су қоймасы мен 12 су торабы және 120 өзен орналасқан.