Түркістанда алғаш рет жүрек отасы жасалды. «Талғат» ЖШС-де өңірде бұрын-соңды болмаған кардиохирургиялық бөлім ашылды. Жыл басынан бері бұл орталықта жүрегінде ақаулығы бар 6 бірдей жан қайта туылды. 1997 жылы ашылған клиника талай науқастың өміріне араша болған. Ал, алғашқы кардиохирургия Түркістандықтардың өлім-жітім көлемін азайтуға сеп болмақ.