Түркістан
EN

Түркістан қаласында антиографиялық жүйесі орнатылды

100
27.01.2023

Енді жүрек және ми, аяқ-қол тамырларына отаны өзімізде жасауға болады. Бұрыңғыдай Алматы, Астана не Шымкенте сабылудың қажеті жоқ. Бүгін Түркістан қаласында ауруханасына ангиографиялық құрылғы орнатылды. Бұл құрылғы арқылы 30 түрлі күрделі операцияларды жасауға болады. Ол үшін мамандар арнайы оқытудан өтіп, шеберлігін шыңдады. Басқарма басшысы Марат Пашимов ауруханадағы ангиохирургия бөлімшесін аралап, науқастардың жағдайымен танысты. Айта кетейік, мұндай аппарат бұған дейін Сарыағаш және Сайрам аудандарында орнатылды. Құны қымбат тұратын құрылғының өңіріміздің алдымен тұрғындар тығыз орналасқан қалалары мен аудандарына да жеткізілуі қуанышты жағдай- дейді облыстың бас дәрігері Марат Пашимов. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай науқастардың сапалы ем алуына жақсы жағдай жасайтынын айтады.