Түркістан медицинасында Үлкен жаңалық! Аймақтағы жедел-жәрдем станцияларын заманауи көлікпен қамту 96 пайызға жетті. Бүгін Облыс әкімі Дархан Сатыбалды "жедел жәрдемшілерге" су жаңа 15 автокөліктің кілтін табыс етті. Жаңадан берілген оңтүстік кореялық көліктер заманауи құралдармен толық жабдықталған. Облыс әкімі тек автокөлік табыстап қана қойған жоқ, салатанатты шарадан кейін арнайы қалып, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысты, қызметкерлермен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.