Түркияның валютасы өткен жылы бұрын-соңды болмаған дәрежеге дейін құнсызданды. Қазір оның долларға шаққандағы бағамы 18-ден асады. 2021 жылы түріктер 1 көк қағазды 8 лираға сатып алатын еді. Қазір 1 лира - 24 теңге 57 тиын. Біздің валютаға шаққанда бағам тиімді. Ал біздің 5 мың теңгеге қазір Түркияда не сатып алуға болады? Оны тілшіміз Нұрдәулет Сыздық анықтап көрді.