Түркістан
EN

Полицейлер екі тәулікте 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

83
26.01.2023

Екі тәулікте 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Облыста 28 қаңтарға дейін "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шараны Түркістан қалалық әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп атқаруда.  Осылайша  борышкерлердің автокөліктері тоқтатылып төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғы тексерілуде. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2 күн ішінде полицейлер 22 автокөлікті тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде 8-і айыппұлын төлемеген борышкерлердің көлігі. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша берешектерін төлеу қажеттілігі туралы 129 ұйғарым жіберді. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 718 әкімшілік хаттама жасалып, 5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді.