Түркістан
EN

Қазақстанда кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді

209
26.01.2023

Елімізде іскер әйелдер саны артып келеді.  Бір ғана Түркістан облысында 184 мың кәсіпкер болса, соның 45 пайызы әйелдер.Бұл дегеніміз өңірдегі әрбір үшінші шағын және орта бизнес нәзік жандылардың бастамасымен ашылатынын білдіреді. Бүгін Түркістанда осындай іскер әйелдер бас қосып,өзара тәжірбие алмасты. Одан бөлек, ханымдар облыс әкімінің орынбасарымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.