Таяуда ғана Премьер-Министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өңірлік операторлардың көмірді жеткізу жөніндегі қызметін талдауды және делдалдарсыз әлеуметтік объектілермен халыққа кен орындарынан тікелей көмірді жеткізудің жаңа тетігін пысықтауды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Түркістан өңірінде 26 көмір қабылдайтын темір жол тұйықтарына қатты отынды 21 мекеме тасымалдап жеткізуде. Облыста көмір тапшылығы жоқ. Өзбекстанға экспортталған қатты отынға Түркістандық операторлардың қатысы жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мәлімдеді. Түркістан облысында көмір тапшылығын жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тілші тарқатсын.