Түркістанда қала тұрғындарына күн сайын 19 бағыт бойынша 203 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Ал, сол автобустарды тізгіндеушілер таң қылау беріп атысымен жұмысқа шығады. Арасында ғұмырының тең жартысын осы салаға арнағандар да жоқ емес. Қызығы мен шыжығы мол кәсіп иелерінің бір күндік жұмысымен тілшіміз танысып келді.