Түркістан
EN

Сенаттың жаңа депутаттары ант қабылдады

69
26.01.2023

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды. Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында жасырын дауыс беру кезінде барлық сенаторлар Мәулен Сағатханұлының  кандидатурасын бірауыздан қолдады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы да Қасым Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаев бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарғанын айтып, Сенат Төрағалығына лайықты деп санайтынын жеткізген еді. Одан бөлек, президент жоғары палата қабырғасында сөйлеген сөзінде Сенат құрамын жаңарту үдерісі аяқталғанын айтты. Осылайша еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.