Мәжіліс пен мәслихат сайлауында барлық партияға бірдей мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Парламент сенатының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жаңа партиялардың тіркелгеніне және келер сайлауға қатысатынын да айтты. Президенттің сөзінше, саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Ал салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Сондай-ақ президент Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс деді.