Түркістанда темірден түйін түйген шебер тұрады. Ата кәсіпті қолға алған Мұрат Бимұрзаев бүгінде темір қақпа жасауға зейін қойған. Оның жасаған бұйымдарын өзге қалалардан келіп, сатып алатындарда көп екен. Бүгінде шебер білгенін өзгелерге үйретіп, кәсібінің нәсібін көруде.