Бұқараның сөзі – биліктің назарында. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бекітілген кестеге сәйкес «Сауран» және «Яссы» секторының тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы кездесуде халықпен ашық форматта әңгіме өрбітіп, жиылған көпшіліктің көкейтесті сауалдарына жауап берді. айта кетейік, былтыр тұрғындар көтерген 220 мәселенің 215-і шешімін тапқан. қалған 5 мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.