Биыл Түркістан облысында 44 автокөліктен өрт шыққан. Тілсіз жау 154 млн.теңгеден астам шығын келтірген. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін бүгін түркістандық полиция өкілдері мен төтенше жағдайлар басқарма мамандары қаладағы бірнеше көшеде көлік тоқтатып, түсіндірме парақшаларын таратты. Жалпы, жаз маусымында көліктер арасында өрт оқиғасы жиі ұшырасады. Оның басты себебін мамандар көлікте қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан деп түсіндіреді.