Түркістан
EN

361 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

101
25.01.2023

Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарған және басқа да атқарушылық өндірістер бойынша 361 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы мәлімдеді. 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған  Мұхит Тұрғараевтың айтуынша алимент өндіру бойынша 24 203 атқарушылық құжат  орындауда болған. Оның 4337-сі аяқталған, қалған 19 866 құжат орындалу барысында.