Түркістан
EN

Мемлекет меншігіне қайтарылған 5,2 млн га жерге мониторинг жүргізіледі

76
24.01.2023

Елімізде жайылым жер тапшы. Дегенмен, космостық мониторинг 40 млн. гектар жер бос екенін анықтады. Әккілер заңды белден басып, өз жерлерін өзгелердің атына жаздырған. «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылған. Ол  мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізеді. Оның қайда орналасқанын, ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер береді. Былтыр жедел желіге 2 500-ден аса өтініш түскен.