Түркияда да жағдай мәз емес. Қазақстандағы инфляция деңгейі 20% болса, Анадолы елінде 64%-ға жетті. Дегенмен, Түркияда күнделікті пайдаланатын өнімдердің дені өздерінде өндірілетін болған соң қатты әсер ете қоймайды дейді сарапшылар. Сондай-ақ елде әр апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырылып, азық-түлік арзан бағада саудаланады екен. Оған тілшіміз арнайы барып, көз жеткізіп келді.