Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Жетісай ауданының шалғай елді-мекендеріндегі мәдениет, спорт, білім нысандарын аралады. Аудандағы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры мен аудандық кітапхана ұжымымен жүздесті. Қос ғимарат қызметкерлері нысандарға күрделі жөндеу қажет екендігін жеткізді. Сондай-ақ аудандағы «Сырдария» спорт кешенінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Бұл нысанда жас спортшылар спорттың 9 түрімен айналыса алады.