Түркістан қаласының мектептерінде «Е-асхана» жүйесі енгізіле бастады. Ол арқылы ата-ана баласының асханадағы ас мәзірін қарап, қанша ақша жұмсайтынын қадағалай алады. Ал жүйені пайдаланған мектеп шәкірттер бұрыңғыдай кезекте тұрмайды. Бұл қосымша жақында қаланың барлық білім ордасына енгізілмек.