Шығынға ұшыраған жылыжайларға көмек көрсету мақсатында аймақ басшысының орынбасары Ермек Кенжеханұлы шаруалармен кездесті. Жиында жылыжайлардың қазіргі жағдайы және оның өндірісін дамытуға ұсыныстар айтылды. Зардап шеккен шағын жылыжайларға қаржы ұйымдары арқылы несиемен қамтамасыз етілмек. Алайда, жылыжайлардың 90% дан астамының құжаты жоқ немесе түгел емес болып шықты. Барлық тараптардың ұсыныстары сараланғаннан кейін шаруаларға заң шеңберінде көмек көрсету жалғаспақ.