Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі жоғары. Оның ішінде Түркістан облысы да бар. Өйткені өңірде жауын-шашын мөлшері жылдағыдан көп түскен. Бүгін аппарат отырысында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды. Облыс басшысы жауаптыларға су қоймаларын шұғыл түрде арнайы зерттеуден өткізіп, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтты. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың толық дайын болуын тапсырды. Облыста 41 су қойма мен 12 су тоғаны бар. Олардың басым бөлігі 1932 мен 1970 жылдары салынған. Содан бері бірде бір мәрте жөндеу көрмеген. Жиында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов су тасқынға дайындық жөнінде баяндады.