Түркістан
EN

Тұрғын үй саласына инвестиция көбейеді

164
23.01.2023

Түркістанда тұрғын үй саласына инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер саны артып отыр. Жақын уақытта заманауи кешендер көбеймек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «BI Group» холдингінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар жобалармен танысты.Компания өкілдері инфрақұрылымға аса мән беретіндерін жеткізді. Құрылыста ең сапалы құрылыс материалдары пайдаланатынын атап өтті. Қажетті өзгертулер енгізіп, салынған үйлердің сапасына мән беруді басты назарда ұстауды міндеттеді. Жаңа баспаналар қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтермек. Дайын баспаналардың несиелік және мемлекеттік бағдарламалармен берілуі қарастылады.