Түркістан
EN

Көмір саудасындағы заңсыздықтарға бақылау күшейеді

314
23.01.2023

Түркістанда көмір тасымалдаудағы кемшіліктер үшін облыс әкімнің бірінші орынбасарына, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшыларына сөгіс жарияланды. Өйткені өңірде бірнеше күннен бері қатты отын тапшылығы айқын сезілуде. Оның зардабын қарапайым тұрғындар мен жылыжай иелері тартып отыр. Бүгін апталық мәжілісті осы мәселе қаралды. Жауаптылардың сөзінше, облысқа 835,5 мың тонна қатты отын жеткізілген. Алайда, жылыжайларға тағы қосымша 139 мың тонна көмір қажет. Отын келгенімен бағасы да қымбат. Оның басты себебі алып сатарлар. Сондықтан облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне жергілікті полициямен бірге олардың жұмысын қадағалап, заң аясында шара көруді тапсырды.