Түркістан
EN

Түркістан қаласында шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны қарқынды жүруде

75
23.01.2023

Бүгін елімізде  шетелдік көліктерді заңдастырудың  бір реттік акциясы басталды. Түркістан қаласында  заңдастыру науқаны қарқынды жүруде. Ең алғаш болып Түркістандық Оңғар Әлиев орталыққа келіп 2 сағат ішінде көлігін толық тексертуден өткізіп, қазақстандық нөмір алды. Ол  «Нексия» маркалы көлігін осыдан  1 жарым жыл алдын Ресейден әкелген.  Темір тұлпар иесі  Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына  ризашылығын білдірді. Акция жайлы естіген шетелдік көлігі бар тұрғындар автоЦондарға көптеп келуде. Бұл шара  облыста бойынша Түркістан қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы АвтоЦондарда ұйымдастырылады. Аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.