Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктерінің бірлескен отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен жиында 2022 жылдың атқарылған жұмыстардың есебі беріліп, қоғамдық келісім кеңестерінің мемлекетіміздегі ішкі этносаралық татулықты насихаттауда және бірлікті бекемдеуге бағытталған жоспарларын бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.