Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан жылу орталығының 85 пайыз негізгі материалдық жабдықтары тозған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды дәл осы нысанның жай-күйімен танысып,жұмысшылармен кездесті. Өңір басшысы жылу орталықтарының жұмысын бақылау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде жауаптыларға бірнеше тапсырмалар берді. Еске салсақ, бірер күн бұрын мұндағы екі қазандық істен шығып, тұрғындарды біраз әбігерге салған еді. Алайда, ақау бірнеше сағатта қалпына келтіріліп, қазір қазандықтар кестеге сай жұмысын жалғастыруда.