Түркістан
EN

Эквадорда түрмеде бүлік шықты

25
25.07.2021

Эквадорда 2 үлкен түрмедегі қақтығыстан 21 жазасын өтеуші қаза тапты. Сондай-ақ тағы бірнешеуі жараланған. Елдің бас прокуратурасы осылай деп хабарлады. Полиция өкілдері мен күзетшілер жағдайды бірнеше сағаттан кейін ғана бақылауға алған.Бүліктен 3 полицей зардап шеккен. Түрмеден 61 сотталушы қашпақ болған.Қазір оқиғаға қатысты тергеу істері басталды.Айта кетейік, бұл осы жылы болған екінші қақтығыс. Бұған дейін ақпан айында түрмедегі тәртіпсіздіктен 79 жазасын өтеуші мерт болған.