Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Мәжілісі таратылды. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Президент кезектен тыс сайлауды 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да, аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Президент Мәжілістің жетінші шақырылым депутаттарына белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.