Елімізде 2029 жылға дейін 1 миллион отбасы баспаналы болады. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің ведомство басшысы Марат Қарабаевтың айтуынша өткен жылы 15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй берілген. Бұл шамамен 130 мың баспана. Ал биыл 143 мың баспананың кілтін азаматтарға беру көзделуде. Айта кетерлігі, президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін 111 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.