Түркістан
EN

Түркістан облысында биыл қанша жайылымдық жер қайтарылады?

210
18.01.2023

Түркістан облысында 2,1 млн гектар ортақ жайылымдық жер тапшы. Аталған мәселе «AMANAT»  партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясы мәжілісінде айтылды. Жауаптылардың айтуынша 2022 жылы заңсыз табысталып пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз берілген. Нәтижесінде 4756,1 га жер мемлекет меншігіне талқыланды. Оның 518,6 мың га жайылымдық жерлер.