Түркістан
EN

Депутаттар әкімдерді 5 жылға ғана тағайындауды ұсынды

113
18.01.2023

Облыс пен қала әкімдерін 5 жылдық 1 мерзімге ғана тағайындау қажет. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты. «Ақ жол» партиясынан сайланған Халық қалаулысының айтуынша аймақ басшыларының партияға мүше болуы турасында да бірнеше ұсыныс білдірді. Мәжілісменнің сөзінше, әкімдердің партия қатарында болуы құқықтық қайшылық тудыратын көрінеді.