Иран астанасы Тегеранда және 6 провинцияда шектеу шаралары енгізілді. Бұған індетке шалдыққандар санының артуы себеп болып отыр. Ақпараттарға сәйкес, елде 28 мыңға жуық науқас короновирус жұқтырған. Аймақта сауда орталықтары, театрлар мен басқа да қоғамдық орындар жабылады. Тек дәріханалар мен дүкендер ғана жұмыс істейді. Ал тұрғындар елде екпе егу науқанының баяу жүріп жатқанын айтуда. Препарат жеткілікті болмағандықтан адамдар тегін вакцина салып жатқан Арменияға кетіп жатыр. Осыдан бір ай бұрын 9 мыңға жуық ирандық көрші елге барған.