Түркістан
EN

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

273
18.01.2023

Бүгін Жетісай ауданына жаңа әкім келді. Бұл орынға Серік Мамытов жайғасты. 30 жастағы әкім Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту орталығы бөлімінің маманынан бастаған. Ал 2022 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.