Қазақ ұлтының асханасы түрік ағайындар арасында да кең сұранысқа ие. Ыстамбұл қаласында орналасқан "Түркістан" дәмханасы сөзімізге дәлел. Ашылғанына жарты жыл енді толған тамақтану орынын түркиялықтардан бөлек шет ел азаматтары да арнайы іздеп келеді екен. Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамханада тілшіміз Нұрдәулет Сыздықта болып келді.