Түркістан
EN

Жедел әрекет ету бекеті іске қосылды

246
18.01.2023

Түркістандағы көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін екі бірдей жедел әрекет ету орталығы іске қосылды. Жедел топқа ауыз су, жылу мәселесі мен құрылыс сапасына қатысты сұрақтар бойынша тұрғындар хабарласа алады. Орталықтағы жауапты сала қызметкерлері орын алған келеңсіздіктерді тез арада шешуге әрекет етеді. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жаңа әкімшілік-іскерлік орталыққа барып, жедел әрекет ету бекетінің жұмысымен танысып, жылу беру жүйесін тексерді.