Түркістан
EN

Облыстық мәслихат сессиясы өтті

134
18.01.2023

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай, "Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қатысты. Басқосуда аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөнінде мәселелер қозғалды. Баяндамашылар өңірде Президенттің сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Жиын соңында  «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан белсенді депутаттық қызметі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар облыстық мәслихат депутаттары «Құрметті депутат» төсбелгісімен марапатталды.