Түркістан
EN

Германияда тасқыннан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі

23
25.07.2021

Германияда толассыз жауыннан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі. Билік қаржыландыруға 200 миллион еуро бөлмек. Сондай-ақ инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қор құрылады.Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Германияның батысында нөсер жаңбырдан жүзге жуық үй қирап бүлінген болатын.Аймақта құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Деректерге сәйкес, тасқыннан көз жұмғандар саны 170 ке жеткен.Сондай-ақ жүздеген тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Германия қаржы министрінің мәлімдеуінше, билік зардап шеккендерге 400 миллион еуро бөлмек.