Парламент Сенатына жаңадан 20 депутат қосылды. Орталық сайлау комиссиясы бүгін Сенат сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады. Дауыс беруге жалпы саны 3167 мәслихат депутаты қатысты. Саяси науқанда кандидат ретінде 55 адам тіркелген. Жалпы сегізінші шақырылымда 4 депутат қайта сайланды. Ол: Алматы, Жетісу, Ұлытау облысы мен Шымкент қаласынан сайланған депутаттар. Сондай-ақ, жаңа құрамда үш әйел бар. Депутаттардың орташа жасы 53. Айта кетейік, сайлау күні ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмеген.