Түркістан
EN

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады

81
16.01.2023

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Бірікккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысты. Президент өз сөзінде жаһандық маңызы бар өзекті тақырыптар талқыланатын ауқымды халықаралық шараны ұйымдастырғаны үшін жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға алғыс айтты. Президент анағұрлым таза әрі «жасыл» әлем жолындағы орнықты даму баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Атом энергиясын пайдалану, климаттық өзгерістердің алдын алу үшін орман өсірудің маңызына тоқталды. Дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте еліміз өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында саммитке қатысушылардың барлығын «жасыл жобаларды» жүзеге асыруға белсене атсалысуға, сондай-ақ ESG-инвестициялар мен орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды.