Түркістан
EN

Робот құрастырудан жеңімпаз атанды

93
16.01.2023

Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды. Алматы облысындағы Қаскелең қаласында республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Төлеби ауданындағы "Дарын" мектеп-интернатының оқушыларынан құралған команда Robot Design бағыты бойынша жүлделі орынды иеленді. Осылайша жас дарындар Астана қаласында өтетін "First Kazakhstan - 2023" робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатыса алады.